Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды

Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен «А» азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды.

Қылмыс жасағаннан кейін аталған адам қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды, - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы