19 Наурыз 2019, 12:10
Елімізде «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде әйелдер мен балалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге арналған «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды. Бұл жайында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде әйелдер мен балалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге арналған «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды. Бұл жайында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«ARUANA» Қазақстан әйелдерінің құрылтайы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігін құрудағы мақсат - әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешу мақсатында әйелдер бастамаларын шоғырландыру”, - дейді «Ihlas Jurek» қоғамдық қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесі төрайымының міндетін атқарушы Тоғжан Қожалиева.
Сонымен қатар, ол отбасылар мен балалардың мәселелеріне жалпы талдау жүргізіп, басқа ұйымдармен дәнекер ретінде жүйелі түрде жұмыс жасайтын ұйымның жоқтығын көрсеткенін айтты.
“Бұған дейін мұндай бірлестіктерді құру туралы бір-екі рет ұмтылыс жасалды, алайда бастамадан әрі жұмыс жүрген жоқ. Сондықтан да біз Құрылтайды құруды шештік және әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешумен айналысып жүрген барлық қазақстандық ұйымды ортақ күш біріктіруге шақырып отырмыз! Әйелдердің сөзі күшті, әрі сенімді түрде шығуы керек», - деді Тоғжан Қожалиева.
Әділет МҰСАХАЕВ
Фото: автордікі
- Президент тапсырмасы: Өңірлерде жаңа әлеуметтік және өндірістік нысандар ашылды 08:11
- Трамп Зеленскийден Ресейдің дизель инфрақұрылымына соққыны доғаруды сұрады 07:49
- Базалық банк лицензиясы: Депозиттерге қойылатын лимиттер туралы не білу керек? 07:30
- Астанада 1 млн теңге жүлде қоры бар Counter-Strike 2 турнирі өтіп жатыр 07:12
- ШҚО-да робот-иттер алғаш рет қоғамдық тәртіпті күзетуге шықты 06:35
- Франциядағы Монблан тауында тас құлап, чехиялық альпинист қаза тапты 05:18
- АҚШ Иран мұнайын өз бақылауында қалдыруы мүмкін – Трамп 04:27