Кеше 2026, 22:24
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды
Жүлделі екінші орын тағдыры шешілген кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасымен алаңға шықты.
Алматыда өткен регби-15-тен Asia Rugby Emirates Women’s Championship турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жүлделі екінші орын тағдыры шешілген кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасымен алаңға шықты. Тартысты өткен матч 26:26 есебімен тең аяқталды. Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасы турнирдің күміс медалін иеленді.
Ал чемпиондық атақты Жапония құрамасы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Жапон спортшылары Қазақстанды 64:12, ал Гонконг құрамасын 72:12 есебімен жеңген болатын.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы өз алаңында өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, құрлықтағы мықты командалардың бірі екенін дәлелдеді. Мамандар бұл нәтижені еліміздегі әйелдер регбиінің дамуының айқын көрінісі деп бағалап отыр.