Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылды – СІМ ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес, - делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Авраам келісіміне қосылуын әлем бойынша алтын көпір орнатудағы алғашқы үлкен қадам деп бағалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы