Қазақстан ауылдарында 400-ден астам медицина нысандары салынады

400-ден астам құрылыс жобасы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында сараптамадан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырыла бастағаннан бері 432 жоба бойынша оң қорытындылар берілді (2024 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша).

Олардың ішінде: медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар.

Ақмола – 32, Ақтөбе – 14, Алматы - 18, Атырау – 15, Жамбыл – 9, Батыс Қазақстан-32, Қарағанды – 57, Қостанай – 19, Қызылорда – 11, Маңғыстау – 3, Абай – 64, Жетісу – 50, Ұлытау – 6, Павлодар – 28, Солтүстік Қазақстан-36, Түркістан – 36 облыстары құрылыс жобалары оң қорытынды алды

Жұмыста 59 жоба бар, оның ішінде Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Павлодар және Түркістан облыстарында нысандар салу бойынша жобалар бар.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық жобаның мақсаты - ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру. Ұлттық жобаның бірінші міндеті - Ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. 

Ұлттық жобаның бірінші міндеті аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 655 МСАК нысандарын салу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы