14 Шілде 2026, 11:01

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды көздеп отыр

Ел билігі агроөнеркәсіп өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруды арттыруға басымдық бермек.

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министрдің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешен ел экономикасының негізгі өсім драйверлерінің біріне айналып келеді.

Оның мәліметінше, биылғы қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі қаңтар-мамырдағы 3,6%-дан 4,4%-ға дейін жеделдеген. Ең жоғары өсім Түркістан, Қостанай және Павлодар облыстарында тіркелген.

Ең үлкен өсу Түркістан, Қостанай және Павлодар облыстарында байқалды. Бүгінгі таңда өткен жылдары өсімдік шаруашылығында болған проблемалар іс жүзінде шешілді. Өсімдік шаруашылығы біртіндеп әртараптандырылған және механикаландырылған салаға айналды. Экспорт көлемі өсуде және шетелге шығарылатын өнім номенклатурасы кеңеюде. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспорты 3 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға жоғары, - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты да тұрақты өсіп, шетелге шығарылатын өнім түрлері көбейген. Биылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 3 млрд долларға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға жоғары көрсеткіш.

Жыл қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорт көлемі 7,2 млрд долларға дейін ұлғаяды деп күтілуде.