Қазақстан аумағы бойынша контейнерлердегі жүк транзиті 22% өсті

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ.2021 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік қатынаста темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 20,9 млн.тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2% жоғары.

 

Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

Транзиттік контейнерлік жүктерді тасымалдау көлемінің оң серпіні байқалды. Өткен жылы коронавирус пандемиясының әсеріне қарамастан, барлық бағыттар бойынша контейнерлерді тасымалдаудың рекордтық жылдық көрсеткішіне қол жеткізілді - 1 млн.66 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент). Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 22% - ға жоғары.

Қазақстан аумағы арқылы Қытай - Еуропа – Қытай бағыты қарқынды дамуда. 2021 жылы осы бағыт бойынша тасымалдар көлемі 2020 жылғы деңгейге қарағанда 28% артты және 660 мыңнан астам ЖФЭ құрады. Қытай - Ресей – Қытай бағдарында тасымалдау көлемі 88% - 69 мың ЖФЭ-ге дейін өсті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы