Қазақстан Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті
Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының (БҰҰАЖМ) өкілдерімен бірлесіп Пактика провинциясының Бармал уезіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сапардың мақсаты - жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстанның БҰҰАЖМ арқылы бұрын жіберген гуманитарлық көмектің бір бөлігін (киім, төсек, матрацтар, көрпелер, шағын пештер және т.б.) беру. Сапар барысында аталған гуманитарлық көмек Вара, Субха-Хел, Девари және Рагзай төрт елді мекендерінің ақсақалдары мен өкілдеріне берілді.
Ақсақалдар мен елді мекендердің өкілдері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен Қазақстан халқына Ауғанстан халқына ауыр жағдайдағы үндеуі және елеулі көмек көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатта балық саласын дамытудың келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы