Қазақстан Ауған студенттеріне 30 грант бөледі

Қазақстан ауған студенттерін оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға дайын. Қазақстан - Ауған форумында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөлуге дайын. Бүгінде Қазақстанда 450-ден астам ауған студенті оқиды. Қазақстан ауған халқына материалдық және гуманитарлық қолдау көрсете отырып, Ауғанстан үшін гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуды жалғастырады, – деді Сауда министрі.

Оның айтуынша, бүгін форум алаңында 106 млн доллар сомасына коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Диалог алаңы жаңа жобаларға, одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастық бағыттарына негіз болды және жақын арада елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Серік Жұманғарин.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан-Ауған форумы өтіп жатыр. Елімізге Ауғанстаннан алкагольсіз сусындар экспортталатынын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы