Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

1 мамырдан бастап Қазақстанның барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздік күшейтіледі. Вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар енгізіліп жатыр.

Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Алматы халықаралық әуежайында бірінші тексеру желісі орнатылды. Осыған орай, әуежайға келу уақытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, - деп жазды ведомство.

Жолаушылар терминалдарына кіре берістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі, дейді комитет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы