Қазақстан әскерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына өзгерістер енгізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қарулы күштерінде роталар мен батареяларды жауынгерлік үйлестіру кезеңі басталды.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұның соңғы кезеңі роталық тактикалық оқу-жаттығулардың жауынгерлік атыс жаттығуларымен аяқталады.
Мемлекеттік басшысының жауынгерлік даярлық бағдарламасын қайта қарау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бас штабта Қарулы күштердің жауынгерлік оқу процесін реттейтін құжатты қайта өңдеуді жүргізетін жұмыс тобы құрылды.
Сонымен қатар, әскерлерді оқытуда жеке құрамның жауынгерлік машығын жетілдіруге бағытталған өзгерістер қазірдің өзінде енгізілуде.
Ротаны дайындау барысында әскери қызметшілердің елді мекендер мен таулы жерлерде заңсыз қарулы топқа қарсы епті және үйлесімді іс-қимыл жасап, шартты қарсыласты барлау және жою үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға баса назар аударылады.
Арнайы операция жүргізу мәселелерін пысықтау кезінде басқа әскерлер мен әскери құралымдардың бөлімшелерімен өзара іс-қимыл және іс жүзінде тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
Рота дегеніміз елді мекенде заңсыз қарулы топтарға қарсы жауынгерлік іс-қимыл жүргізетін негізгі буын. Сондықтан әскери қызметшілер де, командирлер де құбылмалы жағдайда сенімді бағдарлап, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалана алуы аса маңызды, – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Бауыржан Күреңкеев.