Қазақстан арқылы жүк негізінен Орталық Азия елдеріне тасымалданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Қазақстан арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі 1,3% өсіп, 19,4 млн тоннаға жеткен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан арқылы жүк негізінен Орталық Азия елдеріне (11,5 млн тонна) тасымалданған. Өзбекстан 7,1 млн тонна, Қырғызстан 2,26 млн тонна, Тәжікстан 1,2 млн тонна, Ауғанстан 0,26 млн тонна.

Одан кейінгі орында Ресей – 2,8%, Қытай — 13,8%, ЕуроОдақ — 7,1%.

Тасымалданатын жүк негізінен мұнай — 18,5%, қара металл 10,7%, химикат пен сода 6,8%, химиялық және минералдық тыңайтқыш 2,2%, астық 1,7%, басқалары 55,6%.

Автокөлік арқылы тасымалданған жүк 1,93 млн тонна болған. Негізінен Қытайдан ЕуроОдақ, Орталық Азия мен Ресейге, Орталық Азиядан Еуроодаққа, Ресейге, Қытайға немесе Ресейден керісінше тасымалданған.

Темір жол арқылы  664 мың контейнер жүк өткен. Мұның ішінде Қытай- Еуропа-Қытай бағыты бойынша 347 мың контейнер өткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы