Қазақстан-Армения арасында саяси консультациялар өтті

ҚР СІМ орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев және Армения Республикасы СІМ орынбасары Мнацакан Сафарян екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша саяси консультациялар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар достық пен өзара құрмет рухында қазақстандық-армян қарым-қатынастарының үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. 

Кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін елеулі резервтердің болуын атап өтті. Осыған байланысты нақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру үшін қосымша күш-жігер жұмсауға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы