Қазақстан алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
Таяу Шығыстағы әскери әрекеттердің ушығуына және азаматтық авиация үшін қауіп деңгейінің жоғарылауына байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бірқатар елдердің әуе кеңістігінен ұшуға толық тыйым салды, деп хбарлайды BAQ.KZ.
Ұшу шектеуі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігіне және оларға жақын аймақтарға қатысты енгізілді.
Бұл нұсқау қазақстандық әуе тасымалдаушылар орындайтын барлық тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қолданылады. Құжат қолданысқа енгізілген сәттен бастап күшіне енеді және міндетті түрде орындалуы тиіс, – деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, өңірдегі жағдай өзгерген жағдайда, Қазақстан авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат пен нұсқаулар жолдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада қоқыс алаңынан шыққан өрт оқшауланды
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы