Қазақстан әлемнің 28 елімен халықаралық әуе қатынасын орнатқан

Азаматтық авиация комитеті кәсіби мереке күні өткен жылдың қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін авиация қауымдастығы Халықаралық азаматтық авиация күнін атап өтуде. Осы мереке күні сіздермен Қазақстанның азаматтық авиация саласы бойынша өткен жылдың қорытындыларымен бөлісуге қуаныштымыз. 

2023 жылы әуежайдың жолаушылар ағыны 25 миллионнан астам адамды құрайды деп күтілуде, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен (21,1 миллион) 22%-ға артық. 

Отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 13 миллионнан астам жолаушыны құрайды деп күтілуде. 2022 жылғы көрсеткіштің мәнімен болжамды өсім (11 млн жолаушы) 18% құрайды. 2023 жылдың 10 айында 11 046 430 жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 23% артық (8 931 576). 

2023 жылдың 10 айында 11 046 430 жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 23% артық (8 931 576). 

Сонымен қатар, 2023 жылдың 10 айында халықаралық бағыттар бойынша 3 511 295 жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 34%-ға артық (2 623 025). 

Пандемияға дейінгі кезеңдегі ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келтірілді және асып түсті (50 бағыт бойынша аптасына 640 рейс). 

Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігін және ішкі туризмді дамыту мақсатында 7 облыста 23 ішкі әуе бағыты субсидиялануда. Сондай-ақ биылғы жылы әуе кемелерінің паркі 9 бірлікпен толықты. (Эйр Астана – 1 бірлік A321 LR, FlyArystan – 4 бірлік A320, SCAT – 4 бірлік B737). 

Бүгін Қазақстан әлемнің 28 елімен халықаралық әуе қатынасын орнатқан (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Катар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Пәкістан, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея). Рейстер аптасына 567 рейс жиілігімен 110 бағыт бойынша 4 қазақстандық және 30 шетелдік әуе тасымалдаушыларымен орындалады. 

Ағымдағы жылы аптасына 57 рейс жиілігімен 13 елге 23 бағыт бойынша рейстер ашылды және жаңартылды (Лахор, Маскат, Манама, Дели, Шарм-эль-Шейх, Пекин, Сиань, Үрімші, Самарқанд, Баку, Тбилиси, Кутаиси, Бішкек, Анкара, Ханчжоу, Джидда).

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер әуекомпаниясы AirAsia келесі жылдың наурыз айынан бастап Алматы мен Куала-Лумпур арасында тікелей әуе рейсін ашатынын хабарлады. 

Жыл ішінде шет мемлекеттердің авиациялық билігімен бірқатар келіссөз жүргізілді. Сонымен, Катарға, Әзербайжанға, Ұлыбританияға және Таиландқа рұқсат етілген рейстер саны артты. Сонымен қатар 2023 жылғы 18 қазанда Қытайдың авиациялық билігімен "Әуе жібек жолын" бірлесіп іске қосу туралы Меморандумға қол қойылды. 

2023 жылғы 1 желтоқсанда әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті дамыту және авиабилеттер құнын төмендету мақсатында қолданыстағы "ашық аспан" режиміне өзгерістер енгізілді. Осылайша, осы түзетулерге сәйкес шетелдік авиакомпаниялар Қазақстаннан кез келген халықаралық бағытта, оның ішінде қазақстандық тасымалдаушылар жұмыс істейтін бағыттарда "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесімен ұшуды орындай алады. Ағымдағы жағдайда Қазақстан транзиттік ұшулар үшін неғұрлым тартымды бола түсуде. Мәселен, 2023 жылы қызмет көрсетілген ұшулардың жоспарланған көлемі - 415 мың ұшақ, оның ішінде транзит - 263 мың ұшақ. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қол жеткізілген деңгейін жетілдіру және нығайту бойынша жұмыс жалғасуда. 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 11 айдың қорытындысы бойынша тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы 672 іріктемелі және жоспардан тыс тексерулер мен сертификаттық тексерулер жүргізілді. Бақылау-қадағалау іс-шараларының нәтижесінде елдегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сала субъектілерінің 18 сертификаты/куәлігі тоқтатылды немесе қайтарып алынды. 

Ирландияның авиациялық билігінің (IAA) сарапшыларымен ұшу қауіпсіздігі бойынша еуропалық тәжірибелерді енгізу бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне техникалық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Азаматтық авиация комитеті
Өзгелердің жаңалығы