Қазақстан әлемдегі ауасы нашар жиырма елдің қатарында
Алматы, BAQ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ауасы ластанған жиырма елдің қатарына енген. Мұндай рейтингті Швейцариялық AirVisual компаниясы жасаған.
Зерттеуді жүргізген мамандар әлемнің 73 елінде РМ2.5 зиянды бөлшектердің шоғырлануын салыстырып көрген. Нәтижесінде Қазақстан 29,8 µg/m³ көрсеткішімен 20-шы орында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған қалыпты норма 10 μg/m3 құрайды.
Бұл тізімде Орталық Азия елдерінен Қазақстаннан өзге Өзбекстан да бар, ол 16-шы орында. Ал Ресей 58-ші, Украина 48-шы орында тұр.
Ең таза ауа Исландияда (5 μg/m3) екен. Сондай-ақ Финляндия, Австралия, Эстония және Швейция ауасы таза елдер қатарында.
Ауасы ең нашар елдердің көшін 97,1 μg/m3 көрсеткішімен Бангладеш бастап тұр. Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Бахрейнде ауа сапасының жоғары деңгейде ластанғаны тіркелген.
Қазақстандағы ауасы нашар қалалар ішінде 26 µg/m³ көрсеткішімен Астана көш бастап тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ташкентте фри дайындайтын зауыт іске қосылады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы