Қазақстан АЭХА ұйымының Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылданды

2025 жылғы 17-21 қарашада Вена қаласында (Аустрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Басқарушылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыс қорытындысы бойынша, 2025 жылғы 21 қарашада Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылданғаны ресми түрде жарияланды.

Осы өңірлік топқа қосылу Қазақстанға Агенттіктің басшы органдарының жұмысына толық көлемде қатысуға мүмкіндік береді және еліміздің халықаралық ядролық саясатты қалыптастырудағы рөлін нығайтуға ықпал етеді.

Бұл шешім сондай-ақ Агенттіктің жарғысында бекітілген және Қазақстан бастамасымен 2023 жылғы 29 қыркүйектегі АЭХА GC(67)/RES/15 Бас конференциясының қарарымен расталған Агенттікке мүше мемлекеттердің егемендік теңдігі қағидатын қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы