Қазақстан +77 телефон кодында қалады – министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан +997 кодына ауыспайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 

БАҚ өкілдері ведомство неге мұндай шешімге келгенін сұрады.

Біз +77 телефон коды ыңғайлы деп ойлаймыз. Мәселен, смартфондағы қосымшаларды ауыстырмау үшін және телефондағы контактілерді өзгертпеу үшін көпшілікке осы код ыңғайлы деп ойлаймыз, – деді ол үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Цифрлық даму министрі +77 коды қала беретінін айтады.

Қанша қаражат кеткенін қазір айта алмаймын. Бірақ телефон коды консультация мен сараптама бойынша +77 дұрыс деп шештік, – деді Жаслан Мәдиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы