Қаңтар айында Қазақстан 249,4 мың тонна ұн өндірді

Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтар айында еліміз 249,4 мың тонна ұн өндірген, бұл өткен жылғы осы аймен салыстырғанда 20,7% төмен. 2019 жылдың қаңтарында 314,6 мың тонна ұн өндірілген. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

Шығарылған ұнның басым көпшілігі бидай мен қара бидай қоспасынан өндірілген, 229,1 мың тонна, бұл барлық ұнның 91,8%-ы. Нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған қоспалар өндірісі 18,3 мың тоннаны құраған.

Ұн өндіру көлемі жағынан Қостанай облысы алдыңғы қатарда тұр – 70,2 мың тонна, Түркістан облысы – 34,4 мың тонна, Қарағанды облысы – 26,5 мың тонна. Бұл үш өңір бүкіл өндірістің 52,6 пайызын қамтыған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы