Қазақстан 2030 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу орны ретінде Мәскеудің кандидатурасын қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан 2030 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу орны ретінде Мәскеудің кандидатурасын қолдағанын мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы Тоқаев Путинмен халықаралық бастамаларды ілгерілетуде өзара қолдауға ие болғанын атап өтті.

Қазақстан 2030 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу орны ретінде Мәскеудің кандидатурасын еш ойланбастан қолдағанын атап өтемін. Мен айтып өткендей, өңірлік және жаһандық саясаттың ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Жалпы алғанда, тәсілдер өзгеріссіз қалып отырғанын атап өткім келеді, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Кремльде Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөздері басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы