Қазақстан - 2025: Жолдар, тұрғын үй және әлеуметтік саладағы нақты көрсеткіштер

2025 жылы Қазақстанда көлік инфрақұрылымы кеңейіп, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Білім, медицина, жол, цифрландыру және қауіпсіздік салаларында бірқатар нақты нәтижелер тіркелді.

Қазақстанда 2025 жылы бірқатар ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар іске асырылды. Ресми деректерге сәйкес, «Достық – Мойынты» теміржолының ұзындығы 836 шақырымды құрайтын екінші желісі пайдалануға берілді. Бұл жоба жүк тасымалының өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.

Тұрғын үй саласында ел бойынша 16 949 005 шаршы метр баспана салынды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 19 121 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды.

Білім беру саласында 130 жаңа мектеп оқушыларға есігін ашты. Сонымен қатар 93 232 қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған грант иегері атанды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымы да кеңейді. Елде 219 жаңа медициналық нысан салынды.

Жол құрылысы бағытында 13 мың шақырым автожол реконструкцияланып, жөндеуден өтті. Бұл өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Өнеркәсіп саласында отандық зауыттарда 147 587 автокөлік өндірілді. Ал экономикада 167 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 21 300 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығында рекордтық көрсеткіш тіркеліп, 27,1 млн тонна астық жиналды.

Қоғамдық қауіпсіздік саласында оң динамика байқалды. Елдегі қылмыс саны 8,9 пайызға азайды.

Демографияға қатысты дерекке сәйкес, Қазақстанда 315 537 нәресте дүниеге келді. Ал 2021–2024 жылдар аралығында орташа өмір сүру ұзақтығы 5 жылға артып, 75,44 жасқа жетті.

Экология саласында 6,4 млн қазақстандық «Таза Қазақстан» науқанына қатысып, ел бойынша 335,6 млн ағаш отырғызылды.

Мемлекеттік басқаруда цифрландыру деңгейі жоғарылады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 91 пайызы цифрлық форматта көрсетіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы