Қазақша мәтінді дыбыстайтын бот туралы не білеміз?

Сөйлеген сөзді мәтінге айналдыратын телеграм-бот іске қосылды, деп жазады BAQ.KZ.

Бот қазақ тіліндегі аудионы мәтінге айналдырып бере алады. Мәтін анық шығуы үшін асықпай түсінікті айтуға тырысу қажет. Пайдаланушылар аталған ботты өз контактілеріне қосып, мәтін жібере алады.

Ботты телеграмм каналында @kztts_bot атауы арқылы табуға болады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек цифрлық коммуникациялар дәуірінде қазақ мәдениетінің дамуы мен сақталуына ықпал етеді деген жазған болатын.

Елімізде «Тіл-Қазына» КЕАҚ-ның IT-мамандары қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірлеп, іске қосты. Бұл инновациялық бот коммуникация саласындағы үлкен жаңалық және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін, сондай-ақ қазақ тіліндегі ақпаратқа тез қол жеткізгісі келетіндер үшін жаңа мүмкіндіктер береді, – деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы