4 Ақпан 2025 2025, 12:18
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Қазақша ет, бауырсақ және сорпа: Сарбаздардың тағам мәзірі өзгерді
️Ұлттық ұлан сарбаздарының ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
️Ұлттық ұлан сарбаздарының ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа мәзірді қазақ тағамтану академиясы мақұлдаған. Әскерилердің иммунитетін күшейту және күш-қуатын қалпына келтіру мақсатында олардың рационына бешбармақ, бауырсақ, сірне, наурызкөже, нарын және кеспе сияқты ұлттық тағамдар қосылды.
Әр мереке сайын бұл тағамдар дастарқанға қойылады.