Қазақша Chatgpt-дің қызығын қашан көреміз? – комитет басшысының жауабы

Жасанды интеллект комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов Chatgpt-дің қазақша баламасы қалай әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда комитет QazLLM жобасын қолға алды. Комитет басшысы жобаның қашан аяқталып, қолданысқа берілетінін айтты.

Қазіргі таңда ЖИ-дің қазақша моделі Назарбаев университетінде жасалып жатыр. Бүгінгі таңда 30 миллиардқа жуық токен(белгі) жиналды. Яғни бұл модель 30 миллиард токенді іздей алады деген сөз. Жасанды интеллектің бірінші нұсқасын желтоқсанда шығады деп отырмыз. Онда 100 миллиард токен болады. Қаржы жағына келер болсақ, үкімет тарапынан емес, бүкіл қаржы демеушілер жағынан қамтамасыз етілген. Қазір жоба бүкіл материалдар мен ресурстармен толықтай қамтылып отыр, – деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы