Қазақша ән айтуға рұқсат бермейді: "Пинта" барларына бойкот жарияланды

Бар өз концепциясына сай музыканттарға қазақша ән айтуға мүлдем рұқсат бермей отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда бизнес жүргізіп, оның мемлекеттік тіліне тыйым салу моральді тұрғыдан қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды.

Алматылықтар "Пинтаны" қазақша ән айтуға мәжбүрлей алмайды. Бірақ енді оған бармауға да толық құқылы.

Заң бойынша ресторан, кафе, барларда ас мәзірі, көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде болуы міндетті. Бірақ қазақша ән айтылсын деген талап жоқ. Иә, "Пинта" заңды бұзбады. Бірақ алматылықтарды ренжіткен сияқты.

Алматы халқы жаппай бойкотты орындаса, "Пинтаның" қаржылық кірісі төмендейтіні анық. Бойкоттың бизнеске әсерін "Choco Family" жақсы сезінді. Тәуелсіз сарапшылар есебінше, 2022 жылдың төртінші тоқсанында оның тоқсандық табысы 45%-ға құлдыраған. Бойкоттан Рамиль Мухоряповтың бизнесі шамамен 120 миллион теңге жоғалтты.

"Пинта" дисконттық бизнес түріне жатады. Яғни бағасы арзан, ал табысты желілік жүйеде, көп бар ашу арқылы табады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Restolife.kz
Өзгелердің жаңалығы