27 Қараша 2023 2023, 12:44
Фото: «Қазақмыс» компаниясы
«Қазақмыста» екі кенші қаза болды
«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылғы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылғы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, «Қазақмысқа» тиесілі кеніштерде соңғы кезде жазатайым оқиғалар көбейді. 6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қаза тапты. «Жыланды» кенішінде де 6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді.