"Қазақмыс" жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме жасады
"Қазақмыс" корпорациясы жұмысшылармен жүргізген келіссөздердің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, тараптар екі жаққа да тиімді келісімге қол жеткізген. Жұмысшылар бұған дейін ұсынылған шарттармен келісті:
- 13 - ші жалақыға қосымша 30% сыйақы төлеу;
- Тоқсан сайын берілетін сыйақы енгізу;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 8,5%-ға индексациялау.
Өз кезегінде жұмысшылар Оңтүстік Жезқазған кенішінің штаттық жұмысын қалпына келтіруге дайын екендерін жеткізді. "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев ереуілге қатысқан жұмысшыларға ешқандай шағым жоқ екенін атап өтті. "Қазақмыс" корпорациясы барлық тарапқа ымыраға келуге бағытталған сындарлы диалог пен күш-жігер үшін алғыс білдіреді. Компания бұл келісім жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы серіктестік қатынасты нығайтуға жасалған маңызды қадам екеніне және корпорация кәсіпорындарының одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық спорт мерекесі: "Алтын тұғыр-2024" сыйлығы табысталды
Келесі жаңалық
ҰҚК Қостанай облысында ірі есірткі зертханасы анықтады
Өзгелердің жаңалығы