"Қазақмыс" шахтадағы жарылысты жоққа шығарып отыр

Компания қайғылы оқиғаның себебіне қатысты тергеудің мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ .

"Қазақмыс" компаниясының мәліметі бойынша, бірінші нұсқа болған төтенше жағдайдың себебі құлау деп айтылған, бірақ бұл расталмады.

Апаттық-құтқару бригадалары түскеннен кейін, құлау болмағаны анықталды. Кен орнының жұмысы тергеу жүргізілгенше тоқтатылды. Табиғи газдың шығуымен байланысты инциденттің себептері талданып жатыр, - деп хабарлады аталған компания.

Айта кетерлігі, "Қазақмыс" қайтыс болған адамдардың денелерін туыстарының сұрауымен Түркістан, Қарағанды облыстарына, Жезқазған және Сатпаев қалаларына тасымалдау шығындарын өз мойнына алды.

Қайтыс болған шахтерлардың отбасыларына жерлеу үшін біржолғы төлем ретінде 2,2 миллион теңге аударылды. Сонымен қатар жылдық жалақының 10 еселенген мөлшерінде, яғни 84 миллионнан 141 миллион теңгеге дейін берілетін болды.

Қайтыс болған шахтерлардың банктер алдындағы қарызы анықталып жатыр. Бұл үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хаттар жіберілді. Қазіргі уақытта Bank RBK, Kaspi және Halyk Bank банктерінде жалпы сомасы 47,5 миллион теңге болатын несиелер мен ипотекалар анықталды. Оларды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде, - делінген корпорация хабарламасында.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Премьер-министр арнайы комиссия құруды жүктеді. "Қазақмыс" компаниясы марқұмдардың отбасыларына қызметкердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшерін төлейтінін, сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыруға 2 миллион теңгеден астам қаржы бөлетінін мәлімдеді. Еске салайық, бұған дейін қаза тапқан кеншілердің тізімі шыққанын және оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 402 адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы