"Қазақмыс" кеніштегі апаттың алдын ала себебін айтты

Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішіндегі апат бойынша жетінші жұмысшының денес табылды. "Қазақмыс" корпорациясы апаттың алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы корпорациясының желі парақшасында жарияланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Трагедияның барлық мән-жайын анықтауда толық көмек көрсетуде. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы