QazaqGaz айналасындағы шуға қатысты жауап берді

QazaqGaz ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Мақсат Тулегенов мекемеге қатысты тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін БАҚ беттерінде және телеграм-каналдарда QazaqGaz-да, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалануы мүмкін фактілері бойынша қамауға алынғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты хабарлаймыз. Хабарламаларда көрсетілген аппарат басшысы Сағымбеков Д.М. және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Құлқыбаев Е.Г. өздерінің жұмыс орнында, штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдейміз, - деді Тулегенов.

Оның сөзінше, QazaqGaz ұлттық компаниясы жемқорлық фактілеріне және басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты әрқашан ашық позицияны ұстанады. Сондықтан сотқа дейінгі тергеу амалдарына жан-жақты қолдау білдіріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ktga.kz
Өзгелердің жаңалығы