«Қазақфильмнің» бұрынғы президентінің қылмыстық әрекеті әшкереленді
«Қазақфильм» АҚ экс-президенті жемқорлыққа күдікті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі.
Осылай, 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған.
Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы