Үкімет Қазақфильм мен екі әуежайды сатпайтын болды
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі бірқатар мемлекеттік мекемені жекешелендіру нысандары қатарынан шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы LS басылымы жазды.
Ұлттық экономика министрлігі үкімет қаулы жобасын әзірледі. Соған сәйкес "Қазақфильм" мен Шымкент және Петропавл қалаларының әуежайын жекешелендіру нысандары қатарынан шығару ұсынылған, - делінген хабарламада.
Аталған жекешелендіру тізімі бойынша "Қазақфильм" мекемесінің 49% үлесін сатылымға шығару жоспарланған. Қазір нысан бағалау кезеңінде.
Ал Петропавл қаласының Халықаралық әуежайы сатылымға шығару кезеңінде. Әуе айлағының 100% үлесін бәсекеге қабілетті ортаға беру жоспарланған.
Сондай-ақ, Шымкент әуежайын да жекешелендіру нысандары қатарынан шығару қарастырылып отыр. Оны қаланың жеке шаруашылығына беру көзделіп отыр.
Сонымен бірге, "Ядролық технология паркін", "Қазспортинвест", "Әскери құрылыс" , "Ордабасы" футбол клубын және Шымкенттің бірнеше шаруашылық қызметтерін жекешелендіру нысандары қатарынан шығарылмақ.
Аталған қаулы жобасын үкіметте талқылау 2020 жылдың 17 қаңтарына қойылған.
Айта кетсек, "Қазахстан инжиниринг" жекешелендіру аясында екі машина құрастыру зауытының үлесін сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.