Қазақ жүзгіштері Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі алтын жеңіп алды
Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан спортшылары жүзуден екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу финалында 26.99 нәтижесімен бірінші орын алды. Екінші орынды мысырлық Фарида Осман (27.04), үшінші орынды сенегалдық Оуми Диоп (27.31) иеленді.
Ерлер арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин 23.85 көрсеткішімен үздік болды. Қазақстандық Максим Сказобцов 23.87 уақытпен күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола жүлде Мысыр спортшысы Абдельрахман Эльсайедке бұйырды (23.90).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Елімнің намысын қорғауға тырыстым": дзюдошы Аруна Жангелдина шешуші жекпе-жегі жайында айтты
Келесі жаңалық
Жәутіков олимпиадасында 70 алтын медаль иегері анықталды
Өзгелердің жаңалығы