Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады – Асхат Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

Белгілі болғандай, ведомство басшысы ЕХРО орталығында ашылған «Eurasian Book Fair-2022» халықаралық көрме-жәрмеңкесіне барған. 

Бүгін елордамызда өтіп жатқан кітап көрмесіне бардым. Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады. Әсіресе балалар үшін өте қызықты, заманауи сұранысқа ие кітаптар саны артып келеді. Біз балаларды кітап оқуға баулу мақсатында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асырып жатырмыз, - деп атап өтті еліміздің бас ұстазы.

Сонымен қатар министр оқу орындарының, әсіресе мектеп кітапханаларының жұмыс тәсіліне өзгеріс қажет деп санайды. 

Бұл жоба шеңберінде мектеп кітапханаларына әдеби кітаптар сатып алынды, сондай-ақ кітапханалар жөндеуден өтіп, оның жұмыс форматы өзгертіліп жатыр. Мен әр мектепке барғанда дәл осы жобаның іске асырылуына ерекше көңіл бөлемін. Барлық мектеп пен колледжде бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек, - деді Асхат Аймағамбетов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін астанада «Eurasian Book Fair-2022» V Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы