17 Қазан 2023 2023, 13:52 Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақ тілін үйреніп жүрмін - ІІМ бірінші орынбасары

Вице-министр аздап сөйлей алады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мемлекеттік тілде үйреніп жүр. Ол баяндама жасай алатынын, алайда кейбір сұрақты түсінбей қалудан қорқатынын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ вице-министрге «Өткен аптада мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктерге қатысты көптеген сын айтылды. Осыған байланысты сіз жұмыс істеп жатырсыз ба? Мысалы, сіз басқа министрлер сияқты (ред. - мемлекеттік тілді үйрететін) репетиторлардың көмегіне жүгіндіңіз бе?» деп сұрақ қойды.

Мен қазақша үйреніп жүрмін. Қазір аздап сөйлеймін. Қызметтік құжаттарды оқи аламын. Баяндама (ред. - мемлекеттік тілде) жасай аламын, - деп жауап берді Лепеха.

Әрі қарай Игорь Лепеха жауабын орыс тілінде толықтырды.

Негізі (ред. - мемлекеттік тілде) жауап бере аламын. Қазір кейбір даулы мәселе бойынша қате жауап беруден қорқамын. Себебі, толық түсінбеуім мүмкін немесе қате жауап беруім мүмкін. Бірақ мен (ред. - мемлекеттік тілді) өзім үйреніп жүрмін. Барлық жиында, кеңесте барынша қазақ тілінде сөйлеуге тырысамын, - деді Игорь Лепеха.