24 Қазан 2024 2024, 12:34 Фото: @madenietaqparat

Қазақ тілін меңгерген өзге этнос өкілдерінің арасынан үздіктер таңдалды

Республика күні қарсаңында Астанада «Елім дегендер» байқауының республикалық кезеңі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика күні қарсаңында Астанада «Елім дегендер» байқауының республикалық кезеңі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас таланттар өлең оқып, өз шығармаларын қазақ тілінде ұсынды.

Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры 3 000 000 теңге.