Қазақ тілін "мамбетский" деген бойжеткенге қатысты тергеу жүріп жатыр
Әлеуметтік желіде алматылық бойжеткен қазақ тілін «мәмбеттер тілі» деп атаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Тікелей эфирде қазақ және қырғыз тілдерін жамандап, өзіне ұнамайтынын айтқан.
Маған қазақ тілі ұнамайды. Шынын айтқанда ол «мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр. Салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды, қазақ пен қырғыздың тілі «мәмбеттердің» тілі, – дейді бойжеткен.
Әлеуметтік желі қолданушылары бойжеткеннің тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратынын жазған.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерекке қатысты ҚР ҚР-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда бетон жолдың жыртығын пенопластпен жамаған
Өзгелердің жаңалығы