Қазақ телевизиясына - 65 жыл
“Қазақстан телевизиясына -65 жыл” осындай атаумен қарашаңыраққа айналған Ұлтық арнаның мерекелік іс-шарасы өтіті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шараға, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, телевизия ардагерлері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және журналистер қатысып жатыр. Меройтойда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин арнайы құттықтау сөз сөйлеп, корпорацияда жұмыс істеген жылдарын еске алды.
Кеше ғана барлығымыз арнаның 60 жылдығын өткізген сияқты едік. Міне, бес жылда зымырап өте шықты. Осы ұжымда бірнеше жыл қызмет еткенімді мақтан етемін. Бұл менің еңбек жолымдағы ерекше бір кезең деуге болады. Әр азамат өзінің алтын ұясы санайды. Қазақстан телеарнасы қазақ журналистикасының негізгі бастауы, - деді мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин.
Мерейтойда телеарна ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Қазіргі уақытта арнада жұмыс істейтін жүргізушілермен бірге сахнаға шығып, концерттік бағдарламаны жүргізді.