Біз qazaq style-ды тарихта қалдырамыз – Жәнібек Әлімханұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) алдағы жекпе-жекке толық дайын екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды. 

Бұл жекпе-жек бұрынғыдан өзгерек болады. Біз дайынбыз. Бұйыртса, өздеріңіз күткеннен де қызық жекпе-жек тамашалайсыздар. Маған сенім артып, қолдап, жылы пікір жазып жатқандарыңызға көп рақмет. Сіздер болып, біз болып әлі әлемді шулатамыз. Біз QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз, - деп жазды ол.
 

9 қараша күні 26 жастағы қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBC Continental Americas белбеуін нигериялық Альберт Онолуносеге қарсы жекпе-жекте қорғайды. Африкалық кәсіпқой 24 жекпе-жегінде жеңіске жетіп (8 нокаут), екі кездесуінде жеңілген және бір рет тең түскен. 
 

Естеріңізге сала кетейік,  қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бұл жекпе-жек бұрынғыдан өзгерек болады. Біз дайынбыз⚡ Бұйыртса, өздеріңіз күткеннен де қызық жекпе-жек тамашалайсыздар! Маған сенім артып, қолдап, жылы пікір жазып жатқандарыңызға көп рақмет. Сіздер болып, біз болып әлі әлемді шулатамыз. Біз QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз.

A post shared by JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) on Oct 30, 2019 at 8:59pm PDT

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы