Қазақ спортының үш мәселесі

Белгілі Әлем чемпионы Айдар Махметов Қазақ спортының үш мәселесі мен оны шешу жолдарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлем чемпионы Айдар Махметов көп жылғы  тәжірибесіне сүйене отырып, әлеуметтік желілерде  спорттағы мәселелерді  жиі айтып,  жариялап жүр. Сондай-ақ  ол фейсбук парақшасында  жақында жаңадан тағайындалған ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа да өз ұсынысын жеткізді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі спорттың дамуын қаржыландыруда үш негізгі проблема бар:
1. Бұқаралық спортты дамыту:
2. Элиталық спорт түрлерін дамыту:
3. Спорттық демеушіліктегі жағдайдың жоқтығы:

Бұқаралық спортты дамыту бойынша айтқан ұсынысында  физикалық үйлесімді дамыған адам жүгіре білуі, дене шынықтыруы күшті, ұжымдық спорт түрлеріне дағдылануы, оқ ату, қорғануға қабілетті болуы керек.

Қазіргі уақытта енгізілген президенттік сынақтар белгілі бір даму критерийлерін көрсетпейді. Мен оларды ұлттық құндылықты пайдалана отырып заман талабына сай жаңғыртуды ұсынамын. Олардың қатарына оқ ату және жекпе-жек өнерін негізгі деңгейде меңгеру (мысалы, қазақша күрес).  Сондай-ақ, бұл нормаларды 6-8 жас пен 70 жастан асқанда да айналыса алатындай етіп жасы мен жынысы бойынша бөліп енгізуге болады.  Бұл шара еліміздің әрбір тұрғынын бастауыш мектептен бастап зейнеткерлікке дейін дене шынықтыруды дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, еліміздің қорғаныс қабілетін еселей түседі, - дейді Әлем чемпионы.

Спорттың дамуы қазіргі әлемдік турбуленттік жағдайында маңызды екенін де тілге тиек етті. Оларды үш шеберлік дәрежесіне бөлуді ұсынды. Олар, Алтын Барыс, Күміс Барыс және Қола Барыс.

Бұқаралық спортты дамыту дене тәрбиесі жүйесінен басталады. Сондықтан әділ Қазақстан жағдайында бұл мәселені дұрыс жолға қою керек.  Жастар үшін спорт қуатты әлеуметтік маңызға айналуы тиіс,- дейді Айдар Махметов.

Оның айтуынша, елімізде Олимпиадалық медальдардың көпшілігі бокс пен ауыр атлетикаға тиесілі. Қазіргі уақытта халықаралық федерациялардың аталған спорт түрлерінің көрсеткіштері төмен болуына байланысты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбей қалу қаупі бар. Сонда біздің спорт тағы да дағдарысқа ұшырайды деген сөз. Сондықтан мұндай жағдайды алдын алу үшін спорттық ату, жүзу, гимнастика, семсерлесу сияқты медальді көп қажет ететін спорт түрлерін дамытуға қосымша көңіл бөлуді ұсынамын. Бізде бұл спорт  түрлерінің негізі бар. Сондықтан жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Әлем чемпионы,  халықаралық ұйымдар мен спорт федерацияларында, ХОК, GAISF, ANOC және т.б. жұмыс үшін мамандарды дайындау. Егер еліміз сондай мамандарды  дайындай алатын болса,  онда ол жақсы нәтиже беріп, Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтуға септігін тигізеді. Назарбаев Университеті немесе ҚМЭБИ сияқты еліміздің жетекші университеттерінде материалдық-техникалық базаны нығайта отырып, спорт менеджменті мен маркетингі бойынша әлемдік жетекші мамандарды тартып,  спорт кафедраларын ашу немесе нығайту да ұсынды. 

Университеттерде пәндерді ағылшын тілінде оқытып, менеджерлердің жетіспеушілік мәселесін шешуше болатынын да айтып өтті.

Екінші мәселе,  элиталық спортта жоғары сапалы нәтижелерге қол жеткізу үшін ғылым мен спорттың симбиозы қажет.  

Мәселен, біздің Генетика және физиология институты қазақтың көрнекті спортшыларының генетикалық сараптамасын жасап жатыр. Сондықтан да әлемнің жетекші спорт университеттерімен: Ұлыбританияның Лофборо, Бирмингем және Эксетер, Германияның Кельн және Гейдельберг, АҚШ-тың Пенсильвания, Флорида, Мичиган, Австралияның Квинсленд және Сидней қалаларымен тығыз ынтымақтастық орнату қажет. Әсіресе, әлемдік трендтерге ілесіп, спорттық медицина мен спорттық фармакологияны дамыту маңызды, - дейді  Айдар Махметов

Қазір  Әлемдік спорттық медицина нарығы 2020 жылы шамамен 5 миллиард долларға бағаланды. Ал, өсу болжамы 2030 жылға қарай 9,5 миллиард долларға жетеді.

Үшінші мәслеле - Демеушілікті дамыту. Кәсіби спортты дамытуды ынталандыру үшін спорт заңнамасына өзгерістер енгізуді ұсынды.

Оның айтуынша, спорттық жобаларға бөлінген демеушілік қаражатқа салық шегерімдерін енгізу. Бұл бизнесмендерді спортқа инвестиция құюға ынталандырып, мемлекеттен үлкен қаржылық жүктемені алып тастайды. Сондай-ақ, бұл шара қазіргі уақытта букмекерлік кеңселердің спорттағы демеушілігін ығыстыруға көмектеседі.

Сонымен қатар,  футбол және хоккей сияқты қаржылық қымбат спорт түрлері үшін жалақының шекті мөлшерін енгізуді де айтып өтті.

Жалақы мөлшері мемлекеттік қаржыландырудан түсетін қаражатқа қатысты болуы керек. Бұл шара қажетсіз екінші разрядты легионерлерді кесіп қана қоймай, жергілікті спортшылардың дамуына да серпін береді»,     Өңірлердегі спортты дамыту көрсеткішін әрбір әкімнің қызметін бағалау көрсеткіштеріне енгізуді ұсынамын. Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды жақын арада жүзеге асыруға болады. Бұл қазақстандық спортты тағы бір сапалы деңгейге шығаруға септігін тигізеді, - дейді спорт жанашыры.

Айтылған ұсыныстар қазақстандық спортты тағы бір сапалы деңгейге шығаруға септігін тигізеді.

Әсел Әбілбек

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: google.com
Өзгелердің жаңалығы