Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі аталып өтті

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі» атты концерттік іс-шара өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Концерттік бағдарламада елордадағы №2 Өнер мектебінің жас өнерпаздары мен радио қызметкерлері өнер көрсетіп, аниматорлар қазақ ертегілері кейіпкерлеріне еніп балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Астанадағы радио редакциясының іргесіндегі Қазақ радиосы көшесінде өткен іс-шараға БАҚ қызметкерлерінің балалары мен астаналықтар, Есіл ауданының тұрғындары және қала қонақтары қатысты.

Арнайы жасақталған сахнада домбарадан күй төгіліп, әсем әндер шырқалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы