Қазақ қызына ғашық болған африкалық жігіт 10 жылда қазақша үйреніп алған

Алматыдағы африкалық этномәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс ата-анасының ұлты өзге болса да, өзін қазақ деп сезінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түп тамырым Нигериядан, ал анам Польшадан. Бірақ өзімді қазақпын деп есептеймін. Өйткені Алматыда туып өскенмін. Достарымның көбі қазақ. Яғни қазақ ортада өскендіктен жан дүнием қазақ, - деді ол.

Даниэль Джеймс Алматыда орыс мектебінде білім алған.

Орыс мектебінде оқып, орыс және ағылшын тілдерінде тәрбие алдым. Бірақ әйеліммен танысқаннан кейін оған ғашық болдым. Сөйтіп қазақ тілін үйрене бастадым. Шамамен 10 жыл бұрын үйрене бастадым. 

Даниэль Джеймс еліміздегі ассамблея ерекше ұйым екенін атап өтті.

Бүгін ассамблеяның 30 жылдық мерейтойын тойлап жатырмыз. Бейбітшілік пен тіршіліктің тірегі – ассамблея. Өйткені біздің құндылықтарымыз бен адамгершілік қасиеттеріміз ассамблея арқылы көрініс табады. Қазақстанда қаншама ұлт тұрады. Бірақ барлығымыз бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Бұл әлемге үлгі болуы керек деп ойлаймын, - деп айтты алматылық.

Африкалық этномәдени орталығының төрағасы ҚХА-ның сессиясы сияқты отырыстар бейбітшілікті көрсетеді. Ол атап өткендей, елімізде қанша ұлт болса да, бәріміз бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы