Қазақ қызы Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде топ жарды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева латвиялық әріптесі Дарья Семенистаямен бірге Германияның Висбаден қаласында өткен ITF турнирінің жұптық сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірінші партияда чехиялықтар 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қазақстандық латвиялық жұп есе қайырды - 6:3. Супер тай-брейкте Жібек пен Дарья жеңісті жұлып алды - 11:9. Финалдық матч 1 сағат 37 минутқа созылды.
Чехиялық жұп — турнирдің 3-нөмірлі фавориттері болған.
Бұл жеңіс Жібек Құламбаеваның халықаралық деңгейдегі жоғары шеберлігін тағы бір дәлелдеді. Турнир бойында латвиялық әріптесі екеуі бірнеше мәрте матчты шешуші тай-брейкте жеңіп шыққан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы