Қазақ қызы бокстан Моңғолияның чемпионы атанды

Қазақ қызы Зейнеп Әзімбайқызы бокстан Моңғолияның чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ kaznews.mn-ге сілтеме жасап.

Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы Моңғоли чемпионы атанды.

Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kaznews.mn
Өзгелердің жаңалығы