Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалды
Қазақстандық қыздарды қорлаған шетелдік блогерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.
Оның айтуынша, блогерлер бұған дейін ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылып, 15 тәулікке қамауға алынған.
Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Сонымен қатар айта кету керек, біздің полиция, нақтырақ айтқанда Ішкі істер министрлігі 174-бап — ұлтаралық араздықты қоздыру дерегі бойынша тергеуді бастады, — деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары шетелдік стримерлердің қазақ қыздарына қатысты айтқан пікірлеріне наразылық білдірген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Олимпиада жүлдегері Шыналиевтің үндеуіне байланысты іс қозғалды
Келесі жаңалық
Қазақстанда буынды енді роботтар алмастырады
Өзгелердің жаңалығы