Қазақ-қытай қатынасы: Қазақстан үкіметі инвестиция көлемін арттыруға ниетті

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кездесуге 400-ден астам қатысушы, соның ішінде екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысып жатыр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кеңестің ашылуында бұл кеңес Қазақстан мен Қытай арасындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң екенін атап өтті.

Қытай – Қазақстанның басты стратегиялық, сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Елдеріміздің арасында сенім диалогы мен жоғары өзара әрекеттестікке қол жеткізілген. Былтыр елдеріміздің арасындағы өзара сауда көлемі 30%-ға артып, рекордтық 41 млрд долларға жетті. Биыл да тауар айналым көлемі өсіп келеді, - деп айтты вице-премьер.

Оның айтуынша, соңғы 20 жылда Қытайдан Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 29 млрд долларға жеткен.

Бүгінде Қазақстанда 4 мыңнан аса Қытай капиталы бар компания тіркелген. Сонымен қатар қазақ-қытай серіктестігі бойынша і 45 рі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан үкіметі инвестиция көлемін арттыруға, озық технологиялар трансфертіне және қытайлық инвесторлардың қатысуымен кластерлер құруды көздеп отыр, - деді Скляр.

Шара барысында энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі, шағын және орта бизнесті дамыту, логистика бойынша панельдік сессиялар өткізу, сондай-ақ бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Кеңес Қазақстан мен Қытайдың іскер топтары үшін диалог алаңы және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға арналған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы