Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болды

Шекара қызметінің ақпаратынша, қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көлік құралдарының кептелісі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған негізгі себеп - жеміс көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуімен байланысты маусымды кіретін жүк ағымының артуы.

«Қарасу» өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралдарын құрайды (а.ж. 19 қарашада 283 автомашина өткізілген). Қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды, - деп мәлімдеді шекарашылар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы