Қазақ, орыс мектебі деп бөлмеу керек. Тоғжанов барлық мектепке домбыраны енгізу керектігін айтты

Бұл туралы  Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шығыс Қазақстанға демалысымда барып, арнайы Берелді көріп келдім. Ерке сазы, Күршімде бір ай бұрын қазақтың домбырасының біздің заманымызға дейінгі 7-ғасырда табылған ескрткіші шықты. 68 сантиметр ғана. Сондай байлығы бар елде басқаша құндылықтар болуы керек деп ойлаймын,- деді Тоғжанов.

Вице-премьер Шығыста 9 қыркүйекте халықаралық ғылым-конференция өтетінін айтты.

Данияр Кенжетайұлымен келістік. Кеше солтүстікте тарихшылармен де сөйлесіп кеттім. Қазақстан бойынша ғылыми экспедиция ұйымдастырамыз. Соған байланысты нақты ұсыныс керек. Ол тек Шығыста ғана болмайды. Шығыста ежелгі түрік дүниесінің нақты деректері жатыр,- деді Тоғжанов.

Вице-премьер мектептерге домбыраны енгізу керегін айтты.

Мен өткенде айттым, мектептердің барлығына домбыраны енгізу керек. Қазақ, орыс мектебі деген әңгіме емес. Бүкіл мектепке енгізу керек. Қазақтың домбырасында ойнаған басқа ұлттың баласының ішкі дүниесі де өзгеретіні белгілі,- деді Ералы Лұқпанұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы