Қазақ күресінен 5 спортшы алтын үшін күреседі
Қазақ күресінен ұлттық құраманың бес спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ерсұлтан Мұзаппаров (100 келі) пен Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг) финалда күреседі. Ал 90 келіде Ерасыл Жанатаев қола жүлдеге таласады. 82 келіде сынға түскен Ерсін Сейітқазы алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді.
Әйелдерден Зарина Сарипова (65 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі) финалға шықты. Ал +77 келіде Альбина Бахиева қола жүлде үшін күреседі.
Қазақ күресінен алғашқы жарыс күні сынға түскен қазақстандық 8 спортшы алтын жүлдеге ие болған еді.
Бұған дейін Румыниядан келген 11 жасар Razvan Andrei Mucica өзінің тоғызқұмалаққа деген құштарлығы туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Kitap Fest Almaty ұйымдастырылады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы