Моңғолияда қазақ композиторының әндерінен байқау өтті

Астана, BAQ.KZ. Моңғолияның қазақтар орналасқан Баян-Өлгей аймағына қарасты Сақсай сұмыны (аудан) орнауының 60 жылдық мерейтойы өтеді. 

Осы мерейтойға орай Сақсай ауданының тұнғыш композиторы әрі өнер саласының алғашқы жетекшісі болған, сонау жылдары Қызыл бұрыштан клубқа, клубтан -Мәдениет Орталығына дейінгі өсу жолындағы ұжымының өнер саханасында өлшеусіз еңбек еткен сахана тарланы, режиссер Ақби Момбайұлының әндерінен байқау өтті. Композитордың еңбектерін туған жері жоғары бағалап, өзі қолымен құрған Мәдениет Орталығына композитор М.Ақбидің есімін берді.

1940 жылы туып 2007 жылы өмірден өткен композитор М.Ақби 100-ге жуық әні, оншақты күй шығарған, сол заманға сай саханалық қойылымдар жазып қалдырған.

Мәдениет Орталығының ашылу салтанатына орай композитор Ақбидің әндерінен «Ақби әндері» атты ән конкурсы ұйымдастырлды. Ән байқауына Монголия парламентінің мүшесі Солтан Ғомбыжәй, Сақсай ауданының әкімі Қонаев Секей, мәжіліс төрағасы Қуаныш Сағи, Баян-Өлгий ақпарат тарату орталығының бастығы Оспан Нәби қатарлы лауазымды тұлғалар арнайы қатысып жүлдегерлерді марапаттады.

«Ақби әндері» атты ән конкурсының бас жүлдесін Досымбек Шерікбайұлы иеленіп, арнайы «Алтын домбыра» кубогымен және 1 миллион төгрөгпен марапатталды.

1-орын иеленген Алтынбек Озат «Алтын домбыра» кубогымен және 500 мың төгрөгпен, 2-орынды Ғәріп Ризабек, 3-орынды Г.Ақерке мен Б.Толқынның дуэті иеленді.

«Ақби әндері» атты ән конкурсына арнайы тағайындалған «Алтын домбыра» кубогы Ханат Әпшүкір, Жанатбек Қалқабай, Нұржан Бақытханқызы қатарлы кәсби әншілерге тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы